Имантау ауылына жақын жердегі Айыртау ауданының аумағындағы табиғи өрт ауыздықталды

Имантау ауылына жақын жердегі Айыртау ауданының аумағындағы  табиғи өрт ауыздықталды

Имантау ауылына жақын жердегі Айыртау ауданының аумағындағы табиғи өрт сағат 17.50-де ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала көлемі 100 га құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында табиғи парктің орман алқаптарына қауіп төндіретін оттың одан әрі таралуына жол берілмеді.

2021 жылғы 11 шілдеде сағат 12.47-де 101 телефонына Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Имантау ауылынан бес шақырым жерде Қарауылтөбе (қайың, қарағай) орман шаруашылығының орман аумағына көше отырып, құрғақ шөптің жанғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Өрт шыққан жерге жер үсті және әуе күштері жұмылдырылды, атап айтқанда ТЖ департаментінің, «Көкшетау» МҰТП Арықбалық және Шалқар филиалдарының күштері мен құралдары, өртке қарсы ерікті құралымдар («Лобаново» ЖШС, «Күзахмет» ШҚ, «Дзауров» ШҚ), жеке құрамнан 114 адам және 16 бірлік техника, 1 тікұшақ жедел жіберілді.

 

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы