Өрт сөндірушілер Қостанай ауданындағы орман өртімен күресуде

Өрт сөндірушілер Қостанай ауданындағы орман өртімен күресуде

2021 жылғы 8 шілдеде  сағат 10.40-та Қостанай ауданында «Пригородное» орман шаруашылығы басқармасының аумағында құрғақ шөп, қарағай мен қайың жанды. Өрт қауіптілігінің бесінші класы белгіленді. Өрттің алдын ала аумағы шамамен 300 га құрады.

Ыстық, құрғақ ауа-райы, жер үстіндегі өрт және қатты жел тек оттың таралуына ықпал етеді, сөндіруді қиындатады.

Өртті сөндіруге Қостанай облысы ТЖ департаментінен 54 қызметкер мен 15 бірлік техника, жергілікті атқарушы органнан 50 қызметкер мен 3 бірлік техника, Орман шаруашылығы басқармасынан 36 қызметкер мен 9 бірлік техника, ІІМ Академиясының 120 курсанты мен 2 бірлік техника, Қостанай ауданының полиция бөлімінен 45 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖ орнында жедел штаб құрылды. Әуе барлау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы