ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы тағайындалды

Азаматтық қорғау полковнигі Дербісов Нұрболат Бекболатұлы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2  желтоқсанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков жеке құрамға Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасын таныстырды.

Дербісов Нұрболат Бекболатұлы 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында дүниеге келді.

1998 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «өнеркәсіп және азаматтық құрылыс» мамандығы, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын  «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді.

Қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінде мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы лауазымынан бастады.

2005-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімінің аға инженерінен Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы  лауазымдарында қызмет атқарды.

2018-2020 жылдар аралығында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

2020 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі