
Ауылдық елді мекендерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыста «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру пункттерін ашу және реновациялау жұмыстары жалғасуда.
Теректі ауданының Шағатай ауылында қолданыстағы ерікті өрт сөндіру пунктін реновациялау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Марат Мұратов, Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова және жергілікті тұрғындар қатысты.
Жаңа өрт сөндіру пунктінің ашылуы халық саны 1600 адамнан асатын Шағатай, Қызылжар, Қоғалытүбек және Құтсиық ауылдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа пунктте заманауи құрал-жабдықтар мен қажетті инфрақұрылымды қоса алғанда еріктілердің жедел жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Өрт сөндіру пункттерінің пайдалануға берілуі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жедел әрі тиімді түрде жоюға мүмкіндік береді.