«Ауыл құтқарушылары» Терісаққан ауылының қауіпсіздігін нығайтуда

«Ауыл құтқарушылары» Терісаққан ауылының қауіпсіздігін нығайтуда

  Ақтөбе облысының Терісаққан ауылында 2025 жылғы желтоқсанда қызметін бастаған ерікті өрт сөндіру пункті тек өз ауылының ғана емес, көршілес ауылдардың да өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 110-шы ерікті пункт «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында іске асырылып, төтенше жағдайлар министрі бастамасымен ауылдық жерлердің қауіпсіздігін арттыруға және ерікті өртке қарсы құралымдарды дамытуға бағытталған.

  Бүгінде бекетте қызмет атқарып отырған жеті жергілікті тұрғын ТЖ департаментінде оқудан өтіп, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларда әрекет етуге дайын.

  Олардың бірі төрт баланың әкесі Владимир Гилко. Ол үшін қызмет тек жұмыс емес, туған ауылдың, көршілердің және отбасылардың тыныштығына жауапкершілік. «Осы ауылда тұрып, барлығын білгендіктен, өз үйіңді қорғап жатқаныңды түсінесің», — дейді ол.

  Ерікті өрт сөндіру пункті жергілікті кәсіпкердің қолдауымен салынды, бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын үлгісі болды. Бекеттің ашылу күнінде кәсіпкер бөлімшенің қызметкері Владимир Гилкоға қызметінің маңыздылығын қолдау және мойындау белгісі ретінде жаңа тұрғын үйді табыс етті.

  Мемлекет, бизнес және жергілікті қауымдастықтың бірлескен күш-жігерінің арқасында ауыл тек сенімді өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз етілмей, дамуға және әлеуметтік тұрақтылыққа да қосымша серпін алды.

  Бүгінгі күні Терісаққандағы ерікті өрт сөндіру пункті бұл тәулік бойы дайындық, тәртіп пен бірлік, күн сайын ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың қызметі.