Қазақстанда 157-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Қазақстанда 157-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

  Алматы облысы Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында «Ауыл құтқарушылары» ТЖМ ведомстволық бағдарламасы аясында 157-ші ерікті өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті.

  Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Дәурен Оразбеков, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев және жергілікті тұрғындар қатысты.

  Өрт сөндіру пункті жалпы халық саны 7 мыңға жуық алты елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ғимарат тәулік бойы қызмет көрсетуге қажетті барлық заттармен өрт сөндіру техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар, оның ішінде демалыс бөлмесі, ас үй жабдықталған.

  Пункт жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды және жарақтандырылды. Бөлімшенің штат саны 4 адамды құрайды. ТЖД өрт сөндіру пунктін қажетті техникамен, нысанды киім-кешекпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етті. Еріктілер кез-келген төтенше жағдайда жедел әрекет етуге дайын болуға мүмкіндік беретін өрт-тактикалық сабақтарды қоса оқытылады.

  Нысанның ашылуы өрттерге және басқа да төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартуға, сондай-ақ өңір тұрғындарының өмірі мен мүлкін қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.