
ТЖМ-де өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлардың кәсіби шеберлігін арттыру және жұмысын ынталандыру мақсатында жыл сайынғы «Үздік мемлекеттік өрт бақылау басқармасы» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды.
Аумақтық бөлімшелердің жұмысы бақыланатын объектілерді есепке алуды ұйымдастыру, профилактикалық бақылауды орындау, әкімшілік практика көрсеткіштері және инспектор жұмысының басқа да негізгі критерийлері бойынша бағаланды.
2024 жыл қорытындысы бойынша Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы үздік деп танылды.
Негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін екінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, үшінші орынды Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы иеленді.
Өрт инспекторларының жұмысы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде ерекше орын алады. Мамандар объектілерге профилактикалық тексерулер жүргізеді, өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарың олардың өмірі мен мүлкіне нұқсан келтірмей түзетуге болатын кезеңде анықтайды, кәсіпкерлер мен азаматтар арасында ақпараттық жұмыс жүргізеді және тағы басқалар.
Байқаудағы жеңіс - бұл азаматтар мен объектілерді қорғауға жүйелі көзқарасты мойындау.