Ауылдық жерлерде өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту жалғасуда

Ауылдық жерлерде өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту жалғасуда

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігін арттыру жүйелі жұмысын жалғастыруда.

  Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарында жаңа ерікті өртке қарсы пункттер ашылып, жаңартылды, олар мыңдаған тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Тарханка ауылында ашылған өрт сөндіру пункті Тарханка, Винное және Весёлое ауылдарында тұратын 3000-нан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жоба жергілікті бизнес «Милейко» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылды.

  Сонымен қатар Шемонаиха ауданында бір уақытта Красная Шемонаиха және Сугатовка ауылдарында екі өртке қарсы пункт ашылды. «Белокаменское» ЖШС мен «Заря» шаруа қожалығының қатысуымен Красная Шемонаиха, Белый Камень, Сугатовка, Горкуново және Кенюхово атты  бес елді мекеннің өртке қарсы қорғалу жүйесімен қамтылды, онда 1500-ден астам адам тұрады.

  Объектілердің ашылуына ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев, ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов, құтқарушылар, жергілікті тұрғындар және аудан әкімдері қатысты.

  Абай облысындағы Бесқарағай ауданының Бөдене ауылында өрт сөндіру пункті жаңартылды. Жаңартылған пункт 387 адам тұратын 100 тұрғын үйдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қажетті техникамен және жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

  Павлодар облысындағы Успен ауданының Галицкое ауылында да осындай жаңа өрт сөндіру пункті ашылды. Ол жергілікті атқарушы органдар мен «Галицкое» ЖШС қатысуымен құрылып, Новопокровка ауылын да қамтиды, 1500-ден астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Пункт «Урал» автокөлігі негізіндегі өрт автоцистернасымен, байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жабдықтармен және жеке құрамның киім-жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

  Объектілердің ашылу рәсімдеріне төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық департаменттер басшылығы, аудан әкімдері, бизнес өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

  Барлық ашылған пункттер тәулік бойы қызмет атқару үшін қызметтік-тұрмыстық ғимараттармен жабдықталған, өрт-құтқару жабдықтары, байланыс құралдары және жеке құрамның киім-жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

  Ауылдық жерлерде өртке қарсы пункттер желісін дамыту ТЖМ қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді және елдің басқа да ауылдық елді мекендерінде жалғасады.