
ТЖМ жаңа жылдық мерекелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету шеңберінде бірқатар алдын алу шаралары жүргізілуде.
ІІМ бірлесіп профилактикалық іс-шаралардың бірлескен жоспары шеңберінде 20 желтоқсаннан бастап пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрттер мен жарақаттанудың алдын алуға бағытталған «Пиротехника» акциясы өткізілуде.
Акция аясында пиротехникалық өнімдерді сақтау және сату орындарына бірлескен рейдтер ұйымдастырылды. Акция басталғаннан бері 1200-ден астам бірлескен рейд жүргізіліп, 200 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Профилактикалық акция ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.
Мереке оқиғасыз өтуі үшін ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды дайындау және мерекелеу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады.
Үй-жайда отшашуларды, петардаларды және басқа да өрт қауіпті әсерлерді пайдалануға қатаң жол берілмейді.
Пиротехниканы қолмен, балкондар мен лоджиялардан, сондай-ақ ғимараттардан, көлік тұрағынан, шатырлар мен ағаш бұтақтарынан, электр беру желілерінен 50 метрден жақын жерде іске қосуға тыйым салынады. Кәмелетке толмағандардың оларды өз бетінше пайдалануына тыйым салынады..
Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды мамандандырылған павильондарда сатып алу қажет екендігіне назар аударамыз. Пиротехниканы, иллюминацияны, электр гирляндаларын және әшекейлерді тиісті сертификаттың бар екеніне көз жеткізіп сатып алыңыз.
Мереке күндері оқиғасыз өтуі үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:
- белгісіз өндірістің электр гирляндалары мен пиротехникасын сатып алмаңыз;
- қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, оны қатаң сақтаңыз;
- пиротехниканы қатты желде іске қосуға болмайды;
- бір уақытта бірнеше жоғары қуатты құрылғыларды қосу арқылы электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз;
- егер сіз үйден кетсеңіз немесе ұйықтауға жатсаңыз, гирляндтарды тоққа қосулы қалдырмаңыз;
- балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше іске қосуға рұқсат бермеңіз;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.