«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті өзектендірілді

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті өзектендірілді

  2025 жылғы 17 қыркүйектегі №406 ҚР ТЖМ бұйрығымен «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер «Азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкестендіру мақсатында жүзеге асырылды.

  Аталған бұйрықта «мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет» атауын «кәсіби өртке қарсы қызмет» деп қайта атау көзделген.

  Қабылданған норма өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт орнына келу уақытына қосымша талаптар белгілемейді.