Балалар лагерлерінде қауіпсіз жаз

Балалар лагерлерінде қауіпсіз жаз

  Еліміздің жазғы балалар лагерлерінде «Қауіпсіз жаз-2025» профилактикалық акциясы өтті.

  Акцияның мақсаты жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдайлардың, сондай-ақ балалардың өлімі мен жарақаттануың алдын алу.

  Акция аясында ТЖМ аумақтық органдары басқа мүдделі ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп 500 ден астам профилактикалық шараларын өткізді: 

  - өрт қауіпсіздігі, суда, орманда жүріс-тұрыс ережелері бойынша интерактивті сабақтар мен шебер сыныптар;

  - өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың көрме қойылымдары, өрт сөндіру-құтқару бөлімшелеріне экскурсиялар;

  - төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау және іс-қимыл бойынша практикалық жаттығулар;

  - алған білімдерін бекітуге бағытталған конкурстар, викториналар мен квесттер.

  Өрттен қорғау жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеруге, лагерь қызметкерлерін ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдарға оқытуға ерекше назар аударылды.

  Практикалық көмек көрсету тәртібімен лагерь қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау және өрт болған жағдайда әрекет ету бойынша 200-ден астам нұсқамалар мен әңгімелер, қауіпсіз эвакуациялау жаттығулары өткізілді. 

  Білім беру объектілері басшыларының қатысуымен жазғы каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігі мәдениеті бойынша дөңгелек үстелдер мен кеңестер өткізілді.