Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" принципіне сәйкес есірткі қылмысымен күресті жалғастыруда.
Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды. 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Үш тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде:
- Жыл басынан бері 1425 адам ұсталды. Оның ішінде 76 әйел, 23 жасөспірім және 9 шетел азаматы. Есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.