Ақтөбе тұрғынының саяжайынан көкнәр табылды

Ақтөбе тұрғынының саяжайынан көкнәр табылды

     "Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.

     Ақтөбе қаласының 69 жастағы тұрғынына тиесілі саяжай учаскесін тексеру барысында полицейлер гүлзарға егілген 67 түп көкнәрді анықтап, тәркіледі.

     Аталған дерек бойынша құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

     Полиция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында есірткі немесе психотроптық заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге тыйым салынғанын еске салады. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.