
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіру бойынша зертхана ұйымдастырған 30 жастағы ер адамды ұстады.
- Тінту барысында оқиға орнынан 200 грамм мефедрон, зертханалық жабдықтар, магниттік араластырғыштар, колбалар, центрифугалар, сондай-ақ синтетика жасауға арналған химиялық сұйықтықтар мен прекурсорлар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткі өндіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.
Ішкі істер министрлігі елімізде есірткі өндірісін жолға қоюдың кез келген әрекеттерін қатаң түрде тоқтатады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.