Еліміздің қауіпсіздік паспорттарын цифрландыру

Еліміздің қауіпсіздік паспорттарын цифрландыру

Алматы қаласында «Цифрлық қауіпсіздік паспорты» және «Интерактивті карталар» ішкі жүйелерін пайдалану және жаңарту бойынша оқыту семинары өткізілуде.

Семинар ЕҚЫҰ қолдауымен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының базасында ұйымдастырылды және Төтенше жағдайлар министрлігінің  орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін ағымдағы жылдың 12-23 мамыры аралығында 2 кезеңде өткізіледі.

2023 жылдан бастап Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы ЕҚЫҰ-мен бірлесіп еліміздің қауіпсіздік паспорттарының қағаздан цифрлық форматқа көшуін жүзеге асыруда.

Қарастырылып отырған құралдар табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайларда пайдалану үшін барлық қажетті мәліметтердің бірыңғай және ыңғайлы базасын қалыптастыру мүмкіндік береді.

ТЖААК