
Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы минуттар шешуші болуы мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайға қажетті заттарды алдын ала дайындап, дабыл сөмкесін әрдайым дайын ұстау маңызды.
Дабыл сөмкесі - күтпеген сәтте уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Қауіпсіздікке дайындықты бүгіннен бастаңыз!
Сейсмикалық қауіпті өңірлерде тұратын тұрғындарға алдын ала «дабыл шабаданын» дайындап қою ұсынылады. «Дабыл шабаданын» «төтенше жағдайға арналған сөмке» немесе «өмірді сақтауға қажетті заттар жиынтығы» деп те атауға болады. Оған үш тәулікке жететін қажетті заттар: ауыз су (бір адамға тәулігіне 3–4 литр), тамақ өнімдері (консервілер, құнарлылығы жоғары өнімдер), дәрі-дәрмектер (медициналық қобдиша); ысқырық пен шам (дыбыстық және жарық сигналдарын беру үшін), құжаттар, жеке гигиена құралдары (сүлгі, сабын және т.б.), жылы киім (қосымша күртеше, көрпе және т.б.), радиоқабылдағыш (маңызды және қажетті ақпаратты алу үшін), балаларға қажетті заттар, отбасының фотосуреті және басқа да қажетті заттар болуы керек.