«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС (СБЗҰҒО) мен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Сейсмология» мамандығының 1 курс студенттері «Медеу» және «Қастек» сейсмостанцияларына барды.
Танысу сапарлары барысында студенттер жұмыс істеп тұрған сейсмостанциялардың жұмысымен, жер сілкіністерін тіркеу ерекшеліктерімен, заманауи сейсмологиялық жабдықтармен және тәулік бойы бақылаулар ұйымдастырумен танысты.
«Медеу» сейсмостанциясында студенттер сейсмологиялық бақылаулар жүргізіліп жатқан бірегей штольнге барды. Орталық мамандары жабдық жұмысының ерекшеліктері мен сейсмологиялық мониторингтің маңыздылығы туралы айтып берді.
«Қастек» сейсмостанциясына барған кезде болашақ мамандар жаңартудан кейін пайдалануға берілген станцияның жаңа ғимаратымен танысты. Жаңартылған Инфрақұрылым станцияның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мамандардың жұмысы мен тұруы үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл ретте станцияның ескі ғимараттары кезең-кезеңімен пайдаланудан шығарылады.
СБЗҰҒО қызметкерлері студенттерге сейсмолог мамандығының практикалық жағы, орталық қызметінің негізгі бағыттары және сейсмикалық белсенділікті зерттеудегі аспаптық бақылаулардың рөлі туралы айтып берді.
Мұндай көшпелі іс-шаралар студенттерге оқытудың бастапқы кезеңінде болашақ мамандық туралы практикалық түсінік алуға, қолданыстағы сейсмологиялық станциялардың жұмысымен танысуға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сейсмологиялық бақылаулардың маңыздылығын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.