ТЖ министрлігінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловтың Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чунлинь мырзамен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесуге қатысушылар екі мемлекеттің төтенше ведомстволарының
іс-қимылдарының дайындығын және үйлестірілуін арттыруға бағытталған бірлескен оқу-жаттығулар мен жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу перспективаларын қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықты төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.