ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының базасында біліктілікті арттыру курстары өтті

ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының базасында біліктілікті арттыру курстары өтті

2025 жылғы 13-17 қазан аралығында ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының базасында «Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармаларының бастықтары» санаты бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті.

Біліктілікті арттыру курстарына ҚР ТЖМ барлық аумақтық органдарының төтенше жағдайлардың алдын алу басқармаларының бастықтары қатысады.

Курстар бағдарламасы ТЖ алдын алу саласындағы кәсіби білімді жетілдіруге, ТЖ алдын алуда ғылыми тәсілдер мен әдістемелерді қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ аумақтық органдардың ықтимал табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға ден қоюға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Курстардың бірінші күні, 2025 жылғы 13 қазанда ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі
С.Т. Жүнісбеков «Төтенше жағдайлардың алдын алу желісі бойынша 2025 жылғы 9 айындағы жұмыстың қорытындысын шығару» мәселесі бойынша жедел кеңес өткізді.

Кеңесте қысқы, көшкін қаупі бар, су тасқыны кезеңдеріне, сейсмикалық қауіпсіздікке, аварияларға және басқа да техногендік ТЖ-ға дайындық мәселелері, сондай-ақ ТЖ алдын алу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі заңнамалық нормалар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Біліктілікті арттыру курстары шеңберінде Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің қызметкерлері сейсмикалық қауіпсіздікке, көшкін қаупі бар, су тасқыны кезеңдеріне және ТЖ алдын алу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі заңнамалық нормаларына арналған дәріс сабақтарын өткізді.

Сондай-ақ сабақтарды өткізуге «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС қызметкерлері тартылды, олар сейсмикалық қауіпсіздік және табиғи апаттар қаупін бағалау мәселелері бойынша сабақтар өткізілді.

ТЖААК