2025 жылғы 29-30 қыркүйек аралығында Пәкістан Ислам Республикасының Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында жоспарлы екіжақты консультациялар өтті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғ.Д. Нұрдәулетов басқарды. Делегация құрамына Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері де кірді.
Төтенше жағдайлар министрлігінен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов және Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Серік Жүнісбеков қатысты.
Сапар барысында қазақстандық тарап Пәкістан Ислам Республикасының Дүлей зілзалаларды басқару ұлттық басқармасы (NDMA) қызметінің тәжірибесімен танысты.
Консультация қорытындысы бойынша тараптар зілзалалар тәуекелдерін азайту, ақпарат алмасу және азаматтық қорғау қызметтерінің әлеуетін арттыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.