Ағымдағы жылғы 29 шілдеде төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы
С.Т. Жүнісбековтың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде «Қазселденқорғау» ММ, ҚР ТЖМ Қаржылық қамтамасыз ету департаментімен және «BAZIS Construction» ЖШС-мен Қорғас өзенінде селден қорғау құрылыстарын салу мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Кеңесте «Қорғас» ХШЫО және «Қорғас» кеден ғимараттарын және ауданында Қорғас өзенінде қорғаныс құрылыстарын салу» (Қорғас-1) және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда - экономикалық аймағы арнайы экономикалық аймағы, Басқыншы, Қорғас кенттері және Алматы облысының Панфилов ауданындағы шекара заставасы учаскелердегі Қорғас өзені бойындағы арна қалыптастырушы және қорғау құрылыстары (Қорғас-2) жобалар бойынша құрылыс барысы туралы мәселелер қаралды.
Қорғас-1 Қытай Халық Республикасымен бірлесіп іске асырылатын халықаралық жоба болып табылады және оны табысты және уақтылы іске асыру басым міндеттердің қатарында тұр.
Жобаны іске асыру Қорғас және Басқыншы елді мекендерін су басудан қорғауды, «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда - экономикалық аймағы» арнайы экономикалық аймағын, сондай-ақ «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ-ны (халықтың жалпы саны-4 мыңға жуық адам) су басудан қорғауды қамтамасыз етеді.