БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қатысуымен семинар өтті

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қатысуымен семинар өтті

2025 жылғы 24-25 шілде аралығында Астана қаласында Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп балалар мен жастардың құқықтарын Қазақстанның Климаттық саясатына интеграциялау мәселелеріне арналған семинар өтті.

Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар (ТЖМ, МАМ, ДСМ, Еңбекмині, ҰЭМ, СРИМ, ОАМ, ӨҚМ, ЭМ, СЖРА), халықаралық ұйымдар (ЮНИСЕФ, БҰҰДБ, ДДҰ, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк, GIZ, Серіктестік NDC, Халықаралық жасыл технологиялар орталығы), жастар белсенділері (LCOY климаттық жастар ұйымы) және еріктілер қатысты.

Семинар сектораралық диалогты нығайтуға, үздік тәжірибелермен алмасуға және балалар мен жастардың құқықтарын Қазақстанның климаттық күн тәртібіне интеграциялау бойынша нақты ұсынымдарды қалыптастыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығы ТЖМ қолдауымен Қазақстандағы балалар үшін төтенше жағдайлар (су тасқыны, жер сілкінісі, құрғақшылық және т.б.) тәуекелдерін, сондай-ақ базалық қызметтердің қолжетімділігін қоса алғанда, әлеуметтік осалдық факторларын ескеретін Климаттық тәуекел индексін әзірлеп жатқаны ТЖМ айтылды.

Өткізілген семинар мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың климат пен балалардың осалдығы арасындағы байланысты түсінудегі хабардарлығын нығайтуға мүмкіндік берді.

ТЖААК