Сейсмикалық тәуекелдерді басқару саласында Жапондық компаниямен ынтымақтастық туралы

Сейсмикалық тәуекелдерді басқару саласында Жапондық компаниямен ынтымақтастық туралы

Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында вице-министр Б.К. Абдышевтың төрағалығымен Жапондық жетекші Nippon Koei Ltd Инжинирингтік компаниясының өкілі Йошихиро Катсухама мырзамен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Жапонияның жер сілкінісі, инжиниринг және тәуекелдерді басқару саласындағы көп жылдық тәжірибесіне негізделген «Сейсмикалық тәуекелдер және оларға ден қою» бастамасы ұсынылды. Тұрақты қала құрылысына, инфрақұрылымды жаңғыртуға және төтенше жағдайларға дайындық тәсілдері талқыланды.

2007-2009 жылдары Алматыда сейсмикалық тәуекелдерді басқару бойынша JICA жобасын іске асырған Nippon Koei Ltd Қазақстанмен терең ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Бірлескен жұмыс Ел қалаларының тұрақтылығын арттыруға және сейсмикалық қатерлер жағдайында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ТЖААК