Қазақстан делегациясы Хайчэн жер сілкінісінің 50 жылдығына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

Қазақстан делегациясы Хайчэн жер сілкінісінің 50 жылдығына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

  Шілде айында Қытай Халық Республикасының Шэньян қаласында Хайчэн жер сілкінісінің 50 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті. Іс-шараны әлемнің 30 елінен келген сейсмология саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен ҚХР жер сілкінісі жөніндегі агенттігі (CEA) ұйымдастырды.

  Қазақстандық тараптың атынан Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Роллан Есмағанбетов және Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қатысты.

  Симпозиум аясында 12 ғылыми сессия өтті, онда озық зерттеулер, жер сілкінісін бақылаудың, болжаудың жаңа технологиялары, жер сілкінісіне қарсы іс-қимылдың заманауи шаралары және сейсмикалық қауіпті модельдеу әдістері талқыланды.

  Симпозиум материалдарын қызметте қолдану үшін Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығына жіберілді.

  Сондай-ақ «Бір белдеу — бір жол» бастамасы шеңберінде Сейсмикалық тәуекелдерді азайту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушілердің 4-ші кеңесі өтті, оған әлемнің 15 елінің, оның ішінде Армения, Чили, Қытай, Египет, Эфиопия, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Марокко, Мьянма, Непал, Пәкістан, Тайланд және Өзбекстан сейсмология саласындағы ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты. Қатысушылар ғылыми сейсмикалық экспедициялар альянсын құру рәсімдерін талқылады.

  Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының Ғылыми сейсмикалық экспедициялар альянсына кіруі, Қазақстан ғалымдарына жойқын жер сілкіністерін бірлесіп ғылыми зерттеу үшін шет елдерге шығуға мүмкіндік береді.

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті