ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 8 шілде Астана уақытымен сағат 14.30-да жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер Құлан а. 6 б., Мерке а. 5 б., Шу қ. 3 б., Сарыкемер а. 3 б., Төле би а. 3 б., Тараз қ. 3 б., Аса а. 2 б., Мойынқұм а. 2 б., Қордай а. 2 б., Бауыржан Момышұлы а. 2 б., Қаратау қ. 2 б., Тұрар Рысқұлов а. 2 б.
Қазақстан ТЖМ Командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды: ҚР ТЖМ Командалық орталығы - 87172-55-96-21, Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67.
ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен бейнеконференциялық байланыс жүргізілді. Өңірдегі жағдай талқыланды.
ҚР ТЖМ күштері мен құралдары ден қоюға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ТЖМ мониторингті жалғастыруда және өңірмен тұрақты байланыста.
Азаматтарды сабыр сақтауға және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұраймыз.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.