Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Қазақстан астанасында Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы (ЕҚЫҰ) Астанадағы Бағдарламалар офисінің шақыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп іске асырылатын 2026 жылға арналған бағдарламалық іс-шараларды талқылау бойынша консультативтік кездесу өтті.
Консультативтік кездесудің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың (ТЖМ, СІМ, ІІМ, Қорғанысмині, Әділетмині, ҰЭМ, ЭТРМ, Қаржымині, СРИМ, КМ, СИМ, ЕХӘҚМ, МАМ, ТСМ, ҰҚК, БП), сондай-ақ Жоғарғы соттың, Конституциялық соттың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің және т.б. өкілдері қатысты.
Кездесу шеңберінде 2024-2025 жылдардағы ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік өлшемнің әскери-саяси, экономикалық экологиялық және адами жобалық қызметінің тұсаукесерлерін қарау және 2026 жылға арналған бірлескен жобалардың жоспарлары талқыланды.
Экономикалық экологиялық өлшемде Табиғи апаттар қаупін азайту мәселелері қаралды.
Астанадағы Бағдарламалар офисі (ЕҚЫҰ) ТЖМ және Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығымен бірлесіп Теңіз жасағының сүңгуірлерін даярлау және лицензиялау, сондай-ақ өмірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша оқу құралдарын әзірлеуді қоса алғанда, төтенше жағдайлар бойынша мектеп бағдарламаларын құру жобалары бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.
ТЖААК