Таразда климаттық тәуекелдерді бағалау бойынша трансшекаралық семинар өтті

Таразда климаттық тәуекелдерді бағалау бойынша трансшекаралық семинар өтті

  2025 жылғы 10-12 маусым аралығында Тараз қаласында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) қолдауымен «Климаттық тәуекелдерді бағалау – тәсілдер, әдістер және үйлестіру» үш күндік трансшекаралық семинар өтті.

  Семинарға Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының экология, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

  Семинардың мақсаты-климаттық тәуекелдер мен климаттың өзгеруіне сәйкес бейімделу шараларын бағалау мәселелері бойынша түсінуді және хабардарлықты арттыруды қамтамасыз ету.

  Семинарда GIZ жобасы мен әдіснамасы таныстырылды, қатысушылардың білім деңгейін бағалау үшін викторина және Шу өзенінің бассейні режимін қоса алғанда, гидрологиялық өзгерістердің мысалдарын талқылай отырып, климаттық тәуекелдер мен қауіптерді талдау бойынша семинарға қатысушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылды.

  Семинар барысында қазақстандық қатысушылар, оның ішінде ТЖМ өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

  Семинар соңында қатысушылар белгілі бір білім мен практикалық дағдыларға ие болады, сондай-ақ өсіп келе жатқан климаттық қауіп-қатерлер жағдайында трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтады.