ТЖМ қызметкерлері үшін «Цифрлық қауіпсіздік паспорты» және «Интерактивті карталар» құралдарын пайдалану бойынша оқыту курсының 2-кезеңі аяқталды.
Ағымдағы жылғы 12-23 мамыр аралығында Алматы қаласында Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының базасында 2 кезеңде ұйымдастырылған ҚР ТЖМ құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін «Цифрлық қауіпсіздік паспорты» және «Интерактивті карталар» цифрлық жүйелерін пайдалану бойынша оқыту семинарының курсы өтті.
Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті Орталықпен бірлесіп ұйымдастырған көшпелі семинар барысында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесінің қолдауымен қауіпсіздік паспорттарының жаңа форматтары, сондай-ақ «Интерактивті карталар» құралы айқын көрсетілді.
Бұған дейін бірнеше жыл бойы Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті қолда бар қауіпсіздік паспорттарын қағаз жүзіндегі форматтан цифрлық форматқа көшіру мәселесін пысықтаған болатын.
Қарастырылып отырған құралдар табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайлар кезінде пайдалану үшін барлық қажетті мәліметтердің бірыңғай және ыңғайлы базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Семинар барысында барлық өңірлердегі ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармаларының қызметкерлері оқытылды, қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға оқудан өткені туралы тиісті сертификаттар табысталды.
ТЖААК