2025 жылғы 21-22 мамыр аралығында Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің өкілдері құрамында Қазақстан делегациясы Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өтіп жатқан Орталық Азиядағы қалдық қоймаларының қауіпсіздігіне әсер ететін климаттық тәуекелдер жөніндегі субөңірлік семинарға қатысуда.
Семинарды Еуропалық экономикалық комиссия, GIZ және Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігі ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қазақстандық қатысушылар панельдік сессияға қатысып, «Қазақстандағы қалдық қоймаларына климаттың өзгеруінің әсері және олардың негізгі қажеттіліктері» тақырыбында баяндама ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері арасындағы Сырдария өзені бассейні үшін төтенше жағдайларда бірлескен іс-қимыл жоспарының құрылымы қаралды.