«КазТрансОйл» АҚ және «КазАрмапром» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы профилактикалық бақылау қорытындылары

«КазТрансОйл» АҚ және «КазАрмапром» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы профилактикалық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тізіміне сәйкес «КазТрансОйл» АҚ-нің және «КазАрмапром» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізді.

Кәсіпорындардың негізгі қызметі:

  • «КазТрансОйл» АҚ магистральды құбырлармен мұнайды тасмалдау;
  • «КазАрмапром» ЖШС шойын құю, клапандар және вентельдер өндірісі.

Профилактикалық бақылау барысында 23 объекті (магистральды құбыр жолдары, мұнайды айдау станциясы, мұнайды қыздыру станциялары, мұнайды есептеу торабы, қысыммен жұмыс жасайтын құрылғылар, жүк көтергіш механизмдері, құю цехы) тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 18 тармақ бұзушылық анықталды. Тексеріс нәтижесі бойынша акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізіліп, анықталған бұзушылықтар қаралды және оларды жою мерзімдері талқыланды.

 Сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

              ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті