ШҚО орталық мемлекеттік органдардың жұмыс тобы келді

ШҚО орталық мемлекеттік органдардың жұмыс тобы келді

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Е.А. Баймулдинов өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың жұмыс тобының Шығыс Қазақстан облысына шығуына қатысты.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б. Көшербаевтың төрағалығымен 2024 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі облыстық штабтың отырысына қатысты.

Сол күні облыстың гидроқұрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында «Согра ЖЭО» ЖШС және «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-не шығу жүзеге асырылды.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК ЖШС бойынша департаменті