Солтүстік Қазақстан облысының магистральдық құбырларындағы ағымдағы жағдай

Солтүстік Қазақстан облысының магистральдық құбырларындағы ағымдағы жағдай

Сергеев су торабында су деңгейінің төмендеуі байқалады, бұл ретте қауіпті өндірістік объектілерді су басу қаупі әлі толық жойылған жоқ.

«Уфа-Омск» магистральдық мұнай өнімдері құбырының (ММӨҚ) «Петропавл» желілік өндірістік диспетчерлік станциясының (ЖӨДС), «Уфа-Петропавл» ММӨҚ объектілерінде су басудың алдын алу үшін желілік тораптардың үйіндісі қосымша нығайтылды.

Есіл өзенінің су асты өткелінде (908 км) «Уфа-Петропавл» ММӨҚ Есіл өзеніндегі су деңгейін бақылау үшін тәулік бойы авариялық персонал болатын бекеттің жұмысы ұйымдастырылды.

Есіл өзенінің сол жағалауында «Уфа-Петропавл» ММӨҚ (904 км) ауданындағы секциялық ысырмалардың жанында қиылысатын үйінді қосымша тұрғызылды, су басудың алдын алу үшін 5 бірлік техника мен 10 адам жұмылдырылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырының Павлодар мұнай құбыры басқармасының (ПМБ) объектілерінде су басудың алдын алу үшін «ТОН-2» магистральдық мұнай құбыры бойынша 1059,7 км-де орналасқан желілік тораптың үйіндісі қосымша нығайтылды, 5 бірлік техника және 10 адам жұмылдырылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ ПМБ «Петерфельд» ЖӨДС жұмыскерлерінің күшімен авариялық-қалпына келтіру жұмыстары, автоколонна, электрохимиялық қорғау құралдарына қызмет көрсету учаскесі және автоматтандырылған басқару жүйелері учаскесі персоналының тұрақты кезекшілігі жүргізілуде.

Кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істейді және қауіпті өндірістік объектілердегі төтенше жағдайды жоюға дайын.

 

Облыстың қалған қауіпті өндірістік объектілеріндегі жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті