Ақтөбе облысының мұнай-газ ұңғымаларындағы ағымдағы жағдай

Ақтөбе облысының мұнай-газ ұңғымаларындағы ағымдағы жағдай

Су деңгейінің төмендеуінің басталуына қарамастан, қауіпті өндірістік объектілерді су басу қаупі толығымен жойылған жоқ.

Бұған дейін Темір өзенінің жайылмасындағы «ҚМК Мұнай» АҚ Көкжиде кен орнына 7 ұңғыма су басқандығы, қауіпсіздік мақсатында 116 ұңғыма, 2 АГЗУ уақытша қуатсыздандырылғандығы хабарланған болатын.

Кеңқияқ кен орнында «Ақтөбемұнайгаз» СНПС АҚ «Кеңқияқмұнай» Мұнай-газ өндіру басқармасы 440 ұңғыманы уақытша қуатсыздандырылды.

«Фирма Адаойл» ЖШС Башенкөл кен орнында 24 ұңғыма, 2 АГЗУ, 1 мультифазалы сорғы уақытша қуатсыздандырылды.

Қожасай кен орнында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС 1 ұңғыма уақытша қуатсыздандырылды.

Барлық ұңғымалар тығыздалды.

Кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Темір өзеніндегі су бұру бөгетін нығайту жұмыстары жалғасуда. 37 бірлік техника және 250 адам жұмылдырылды. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде.

Облыстың қалған кен орындарындағы жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті