Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде  Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Баймулдинов Е.А. мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.            Кеңесте Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің аса маңызды істер бойынша офицері Ж.Ж. Жылкышиева, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік аппаратты бюрократизациядан арылту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау басқармасының бас сарапшысы Т.Б. Сариев және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қ. Полиция департаменті Патрульдік полиция полкі Кезекші бөлімінің бастығы – полиция майоры А.К.  Жумагалиев қатысты.            Семинар-кеңестің мақсаты – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мемлекеттік функцияларын жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және оның аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету және жол жүрісі қағидаларының талаптарын мүлтіксіз орындауы.            Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету және жол қозғалысы қағидаларының нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы өзгерістерді талқылады, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.            Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді көрсету тақырыптары бойынша слайдтар мен жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы бейнероликті тамашалады.            Кеңес соңында төраға қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, еңбек және қызметтік тәртіпті, мемлекеттік қызметтерді көрсету және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді.