«Auto Gas Station» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

«Auto Gas Station» ЖШС профилактикалық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2024 жылдың біріші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес «Auto Gas Station» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі – жол бойындағы мамандандырылған дүкендерде мотор отынының бөлшек саудасы болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында автогаз құю станциясы тексерілді. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 18 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және газдан құтқару жұмыстарын жүргізуге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен шарт жасаспау;

- қауіпті өндірістік объектілерде авария, инцидент туындаған және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен жағдайда жергілікті хабарлау жүйесінің тұрақты дайындығында мониторинг, байланыс және қолдау жүйесімен қамтамасыз етпеу;

- кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен келісе отырып, ұйым басшысының аварияларды жою жоспарын бекітпеу және әзірлемеу және басқалар болып табылады.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы облысы бойынша департаменті