2023 жылғы 1 тамызда сағат 21.50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлады (екі астық қоймасы).
Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген.
Бұл жағдай авария ретінде тіркелді.
Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істейді. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін Департаментпен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылатын болады.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті