Шемонаиха қаласындағы газ толтыру пунктісі аумағында орын алған апат бойынша ақпарат

Шемонаиха қаласындағы газ толтыру пунктісі аумағында орын алған апат бойынша ақпарат

2023 жылы 22 маусымда сағат 13:40 шамасында «ГорГаз Нурсултан» ЖШС тиесілі ШҚО, Шемонаиха қаласы, Украинская көшесі, 102 мекен-жайында орналасқан газ құю пунктісінде сұйытылған газдың тұтануы нәтижесінде жарылыс туындаған апат орын алды.

Салдарынан 4 адам зардап шекті, оның ішінде: кәсіпорынның үш жұмыскері (екеуі ауруханада қаза тапты) және өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өртті сөндіруге қатысып, адамдарды құтқарып, жеңіл күйік алған, еңбек демалысындағы ШҚО ТЖД өртке қарсы қызметінің қызметкері. Өрт салдарынан кәсіпорынның 5 бірлік техникасы және басқа да мүлкі жойылды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен құрылған комиссия тергеу мен апатқа әкелген себептерді анықтауға кірісті.

Тергеу қорытындысы бойынша комиссиямен кәсіпорын басшылығына аварияның салдарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, мұндай жағдайлардың алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қабылдау туралы қорытынды және ұсыныстар беретін болады.

Тергеу қорытындысы қосымша хабарланатын болады.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті