2023 жылғы 19 сәуірде сағат 09:25 шамасында Астана қаласы, Комсомольский т.м., Ақын Сара көшесі 53 учаскесі мекенжайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС-нің «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды (кранының иесі ИП Капитал).
Зардап шеккендер жоқ.
Аварияның алдын-ала себебі шамадан тыс жүктеме.
Қазіргі уақытта оқиға орнын Қазадақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде.
Департаментпен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құратын болады.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.
ҚР ТЖМ ӨҚК Астана қаласы бойынша департаменті