«Tenge Oil & Gas» ЖШС профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері

«Tenge Oil & Gas» ЖШС профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Tenge Oil & Gas» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорын Маңғыстау облысындағы «Теңге» кен орнында көмірсутек шикізатын өндіреді, сонымен қатар өндірілген көмірсутек шикізатын сақтау, тасымалдау және сатумен айналысады.

Профилактикалық бақылау барысында 30 нысан (газ пункті, мұнай жинау кешені, мұнай дайындау қондырғысы, химия лабораториясы, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстар және ұңғымалар) тексеріліп, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 27 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралып, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті