«Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында қабылдау сынақтары өтті

«Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында қабылдау сынақтары өтті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының көпір кранын қабылдау сынақтарын өткізуге қатысты.

Кәсіпорынның негізгі қызметі катодты мыс пен күкірт қышқылын алу арқылы шикізатты өңдеу болып табылады.

Қабылдау сынақтарын жүргізу барысында қауіпті техникалық құрылғының техникалық құжаттамасы қаралып және толық техникалық куәландыру жүргізілді: статикалық және динамикалық жүкпен сынау, қауіпсіздік аспаптары мен құрылғылары, механизмдер мен жабдықтар тексерілді.

Қабылдау сынақтарының қорытындысы бойынша алғашқы техникалық куәландыру актісі беріліп, пайдалану алдында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде кранды есепке қою туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Ұлытау облысы бойынша департаменті