«Petro Retail» ЖШС Қарағанды облысы бойынша филиалының мұнай базасында оқу дабылы өткізілді

«Petro Retail» ЖШС Қарағанды облысы бойынша филиалының мұнай базасында оқу дабылы өткізілді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС Қарағанды филиалының өкілдерімен бірлесіп, «Petro Retail» ЖШС Қарағанды облысы бойынша филиалының мұнай базасында (қызмет түрі: жеңіл мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау) оқу дабылына қатысты.

Оқу дабылының мақсаты объектілердегі ықтимал авариялар мен инциденттерді жоюға ден қоюдың жеделдігі, қызмет көрсетулер, сондай-ақ авариялық-құтқару бөлімшелері арасындағы қызметкерлердің ішкі өзара іс-қимылын жақсарту болып табылады.

Аварияларды жою жоспарына сәйкес, «Авто құю эстакадасында автоцистерна тұтанған кезде өндірістік объект персоналының іс-қимылы» деген тақырыбы таңдалды.

«Petro Retail» ЖШС Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкері рация бойынша автоцистернаны құю кезінде №2 авто құю эстакадасында құю автоматикасы іске қосылмағанын және автоцистернаның толып кетіп төгілуінен кейін от тұтанғанын, АИ – 92 маркалы бензиннің төгілуі 4 шаршы метрден асатынын дер кезінде хабарлады.

Рация бойынша хабарлама келіп түскеннен кейін, жөндеу цехының төгу және құю цехының қызметкерлері, авариялар мен ақауларды одан әрі жою үшін бензин төгілген жерге дереу келді.

Рация бойынша хабарлама мен өрт сөндіру пультіне сигнал келіп түскеннен кейін, мұнай базасының аумағындағы «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС әскерилендірілген қызметінің қызметкерлері мұнай өнімі төгіліп өрт болған жерге дереу шығып, жауынгерлік өрістеуді жүргізді, сөндіруге көбік беріп өртті жойды.

Кәсіпорынның мұнай базасының барлық қызметкерлері аварияларды жою жоспарына сәйкес әрекет етті.

Оқу дабылының нәтижелері бойынша жауынгерлік құрамды құрал-жасақтармен жабдықтау бойынша тиісті ұсыныстар мен ескертулер берілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті