Комитет төрағасының Жетісу облысына жұмыс сапары

Комитет төрағасының Жетісу облысына жұмыс сапары

2023 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.К. Макажановтың Жетісу облысына жұмыс сапары өтті.

Төраға жаңадан құрылған департаменттің жеке құрамымен кездесіп, материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейімен танысты. Кездесу барысында Департамент басшысы Е.А. Баймулдинов өңірдің қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы баяндамасын тыңдап, қызметкерлермен Департамент қызметіне байланысты проблемалық мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоның алдағы міндеттері айқындалып, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, Абай облыс әкімі Н.Т. Уранхаевпен кездесу өткізілді, онда өңірдің қауіпті өндірістік объектілеріндегі проблемалық мәселелер мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі талқыланды.

 

Жетісу облысы бойынша ҚР ТЖМ ӨҚК департаменті