Комитет төрағасының Абай облысына жұмыс сапары

Комитет төрағасының Абай облысына жұмыс сапары

2023 жылғы 26-27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.К. Макажановтың Абай облысына жұмыс сапары өтті.

Төраға жаңадан құрылған департаменттің жеке құрамымен кездесіп, кездесу барысында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Сонымен қатар, қызметкерлермен департамент қызметіне байланысты проблемалық мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, Абай облыс әкімі Н.Т. Уранхаевпен кездесу өткізілді, онда өңірдің қауіпті өндірістік объектілеріндегі проблемалық мәселелер мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі талқыланды.

 

Абай облысы бойынша ҚР ТЖМ ӨҚК департаменті