Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру жөніндегі кеңес

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру жөніндегі кеңес

2023 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Мұнай-газ өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы М.К. Назаралиев ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша департаменттерінің басшыларының қатысуымен: «Бұрғылау қондырғыларын есепке қою және есептен шығару кезінде заңнама нормаларын түсіндіру, сондай-ақ бұрғылау қондырғыларының жобалық құжаттамасын қарау мәселелері» тақырыбында кеңес өткізді.

Кеңес барысында М.К. Назаралиев «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларын, Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын, сондай-ақ Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларының нормаларын түсіндірді.

Сондай-ақ, кеңеске Департамент басшылары тыңдалды, олар өз кезегінде көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша, қауіпті техникалық құрылғы ретінде есепке қою және есептен шығару тәртібіне сәйкес бұрғылау қондырғыларын есепке қою туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін жобалау құжаттамаларын келісу алынып тасталсын.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті