Түркістан облысында қауіпті өндірістік объектілерде авария болған жағдайда мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс қимыл алгоритмі талқыланды

Түркістан облысында қауіпті өндірістік объектілерде авария болған жағдайда мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс қимыл алгоритмі талқыланды

2023 жылғы 23 қаңтарда Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары М.Танабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде «Жылу және электр энергиясын өндіретін қауіпті өндірістік объектілерде авария орын алған жағдайда мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарының алгоритмі» және «Тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ баллондарын қауіпсіз пайдалану» тақырыбында кеңес өткізілді.

Кеңеске Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Н. Жүнісов, Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы С. Далиев, Түркістан облысының әкімдігінің өкілі Б. Мұсабаев және Департамент қызметкерлері қатысты.

Төраға орынбасары М.Танабаев жылу және электр энергиясын өндіретін қауіпті өндірістік объектілерде авария орын алған жағдайда, өкілеттіктері бойынша мемлекеттік органдардың авария салдарын жоюға, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің құзыреттілігін ескере отырып қатысу қажет екендігін атап өтті.

Бұл ретте, төрағаның орынбасары орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл алгоритмін әзірлеу қажеттігін атап өтіп, оның мазмұнын кеңеске қатысушылармен талқылады.

Ал, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ баллондарын қауіпсіз пайдалану бойынша облыстық әкімдік өкілдеріне газ желілері ұйымдарына қызмет ету мерзімі өткен газ баллондар паркін жаңарту үшін, жергілікті бюджеттен субсидиялауды қарастыру және осы бағытта жергілікті қала, аудандарда құрылған газ инспекциясының жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Департамент басшысы Н. Ысқақов ағымдағы жұмыс туралы айтып, Департаменттің 2022 жылғы негізгі қызметінің қорытындыларын атап өтті.

Кеңес барысында, қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын айтып өтті.

 

Түркістан облысы бойынша ӨҚКД