Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде 2022 жылдың қорытындылары талқыланды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде 2022 жылдың қорытындылары талқыланды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі                М.К. Пішембаевтың төрағалығымен 2022 жылғы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметінің қорытындыларына арналған кеңес өтті.

Кеңесте 2022 жылдың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін салалардағы жұмыс нәтижелері бойынша Комитет төрағасының орынбасарлары С.К. Казакбаев пен М. Т. Танабаев, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Кадр саясаты және ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының басшысы Д.Ж. Мусаева, сондай-ақ аумақтардағы қадағалау қызметінің қорытындылары бойынша аумақтық департаменттердің басшылары сөз сөйледі.

Аумақтық департаменттердің басшылары өз баяндамаларында қадағалау қызметін орындау барысында туындайтын өзекті мәселелерді де айтып өтті. Вице-министр өзекті мәселелер картасын дайындауды, сондай-ақ елдегі өнеркәсіпті дамытудың қазіргі жағдайларына сәйкес жетілдіру мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық өзгерістерді дайындауды тапсырды.

Кеңес барысында Вице-министр жедел шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Кеңес қорытындысы бойынша Вице-министр бірқатар тапсырмалар беріп, авария және жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектілердің өкілдерімен профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру қажеттігін ерекше атап өтті.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті