«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалын тексеру нәтижелері

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалын тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне сәйкес «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі табиғи газды тарату, газ құбырлары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын, газ тарату пункттерін, қазандықтарды, газ құбырларындағы құрылыстарды пайдалану, газды тұтынушыларға өткізу, техникалық шарттар беру, халық үшін газ құбырларының жобаларын келісу болып табылады.

Тексеру барысында кәсіпорынға өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық-рұқсат беру құжаттамасы қаралды және 12 қауіпті өндірістік объектілер (АГТС-автоматты газ тарату станциялары, кентаралық газ құбырлары-бұрмалар) тексерілді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 14 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі және 306-бабы 4-бөлігі бойынша айыппұлдар түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды, олардың білімін тексеруді қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау;

- тексеру мерзімі өткен бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарын қолдануға рұқсат беру;

- өндірістік бақылау туралы Ереженің шарттарын орындамау;

- газбен жабдықтау объектілерінің қауіпсіздік талаптарын сақтамау;

- персоналдың газ жабдығының техникалық жай-күйіне уақтылы бақылауды жүргізбеу және басқалар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті