
2022 жылғы 08 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында Шетпе ауылының шығысында орналасқан «Еркебұлан ЖМҚС» жанармай құю станциясында жерге көмілген дизель отынын сақтауға арналған резервуардың қақпағын бекітетін диаметрі 22 мм металл болттарды болгаркамен кесу кезінде жарылыс (дизель отынының газ тәріздес буы) орын алып, оның салдарынан оқиға орнында Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапты.
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылды.
Комиссия аварияға әкелетін негізгі себептерді анықтады, атап айтқанда: дизель отынын сақтауға арналған, жерге көмілген 60 текше цистернаның қақпағын бүктеу арқылы, резервуардың ішіндегі дизель отынының шөгінділері (түбіндегі шөгінділер) және қолдан жасалған тыныс алу құрылғыларын орнату, сондай-ақ оқиға болған күні қоршаған ауаның жоғары температурасынан артық қысымның жиналуы – жарылыстың себебі болып табылды. Өрт жұмыстарын жүргізу кезінде, яғни резервуар қақпағының гайкасын кесу кезінде ұшқын пайда болып, жинақталған дизель отынының буларымен жанасу жарылысқа әкеліп соққан.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті