Ағымдағы жылғы 15 шілдеде «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде тіркелген.
Жоғарыда аталған бұйрыққа өзгерістер енгізудің негізгі мақсаты қолданыстағы нормаларды Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығына (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығы) және Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулығына (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 315 бұйрығы) сәйкестікке келтіру болып табылады.
Сонымен қатар, қауіпті жүктерді тасымалдаудың жалпы ережелері, сондай-ақ шарттары мен тәртібі «Темір жол көлігі туралы» ҚР Заңымен және Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларымен (РҚ Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 548 бұйрығы) айқындалатындығына байланысты, хлорды автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауға қатысты қағидалар талаптарының тармақтары осы бұйрықпен алынып тасталды.
Бұйрықты іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейтінін және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті