Топтық жазатайым оқиға туралы алдын ала ақпарат

Топтық жазатайым оқиға туралы алдын ала ақпарат

2022 жылдың 10 маусымында сағат 14:30 шамасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншілес кәсіпорны «Құрылысмет» ЖШС ұстапрестеу цехында топтық жазатайым оқиға орын алды (Қарағанды облысы, Теміртау қаласы).

Алдын ала деректер бойынша, жұмыс істемейтін термопештегі отқа төзімді қалауды демонтаждау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде пеш күмбезінің құлауы орын алған, нәтижесінде 5 қызметкер үйінді астында қалған. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы біреуі қалалық орталық ауруханаға жеткізілді.

Топтық жазатайым оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау мақсатында арнайы тергеп-тексеру жүргізу үшін комиссия құрылатын болады.

Осы тергеудің нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті